Өткен аптада ауруханаға түскен 10 актөбелік тұрғын саңырауқұлақтан уланған болып шықты- Қалалық СЭС - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен аптада ауруханаға түскен 10 актөбелік тұрғын  саңырауқұлақтан уланған болып шықты- Қалалық СЭС

Өткен аптада ауруханаға түскен 10 актөбелік тұрғын саңырауқұлақтан уланған болып шықты- Қалалық СЭС

Ақтөбе тазалы-індет станциясының мамандары өткен аптада жедел жәрдем ауруханасына түскен 10 адамның улану себебін анықтады.

  • 15 Шiлде 2003
  • 680
Фото - Caravan.kz

Қалалық тазалық-індет қызметінің жұқпалы аурулар бөлімінің бастығы Ардақ Орынованың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, зардап шеккендер улы саңырауқұлақ жеген болып шықты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан бір апта бұрын улану белгісі бар 10 адам, соның ішінде 9-жасар бала қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған болатын. Сөйтсе, әлгілер соның алдында ғана базардағы саудагерлер шампиньон ретінде сатқан улы саырауқұлақ жеген болып шықты.
Қалалық тазалық-індет қызметінің мамандары зертханалық тексерулер жүргізіп, қалған саңырауқұлақты көртышқандарға бергенде , әлгі 6 тышқан түгілімен өліп қалған.
А.Орынованың айтуынша, адамдардың медициналық көмекке дер кезінде жүгінуі ғана оларды құтқарып қалған. Олай болмағанда оқиға қайғылы аяқталатын еді. Сонымен бірге, жемес бұрын саңырауқұлақтардың жылулық өңдеуден өткізілуі де саңырауқұлақ уының уытын қайтарып, зардапты жеңілдеткен көрінеді.
Қазір науқастардың жағдайы орташа деп бағалануда.

Соңғы жаңалықтар