Жарияланды: 500

Өткен бес айда Алматы облысындағы қаржылық бұзушылықтар Т2,2 млрд-тан асты

Алматы облысында өткен бес айда қаржылық салада Т2,2 млрд сомадағы бұзушылықтар анықталды, деп қаржылық бақылаудың облыстық инспекциясының бастығы Нүсіп Құдайбердиев мәлім етті.

Ол былтыр ведомство бюджетке Т4,2 млрд сомадағы қаржыны қайтарғанын атап көрсетті. «Анықталған бұзушылықтардағы жалпы соманың бюджетке қайтарылуы тиіс бөлігі Т1 млрд-тан асады. Олардың 98% қайтарылды да. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сай 22 лауазым иелеріне Т2,3 млн болатын әкімшілік салық салынып, олардың 90%-нан астамы өтелді», - деді Н. Құдайбердиев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін