Өткен демалыс күндері Алматы облыстық полициясының қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 кило героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен демалыс күндері Алматы облыстық полициясының қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 кило героин тәркіледі

Өткен демалыс күндері Алматы облыстық полициясының қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 кило героин тәркіледі

Алматы облыстық полициясының шұғыл бөлімі қызметкерлері ұйымдастырған екі операция нәтижесінде өткен демалыс күндері заңсыз айналымнан 4 кило героин шығарылды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІБ баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 16 Маусым 2003
  • 455
Фото - Caravan.kz

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі саудасымен айналысуы мүмкін деген күдікпен тұрақты мекен-тұрағы жоқ , 49 жастағы азаматты ұзақ уақыт бойы аңдыған көрінеді. 14-маусымда күдікті Ащыбұлақ ауылында 1 кг 19 г героинмен қолға түсті.

Екінші топтағы мүгедек болып табылатын күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот процессіне дейін ел аумағынан ешқайда шықпау жөніндегі қолхатпен босатылды.
Сондай-ақ, есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері 15-маусымда Талғар ауданындағы жол бойындағы бір кафенің жанынан 33 жасар Алматы тұрғыны мінген «Мерседес» автокөлігінен 3 кг 32,7 грамм героин тапты.
Күдікті Талғар аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу қапасына қамалды.
Полиция қызметкерлері аталмыш екі жағдайда да есірткі бір қайнар көзден алынуы мүмкін деген күдікте. Қазір жедел тергеу тобы есірткі таратушы көзді табу мақсатымен шұғыл шаралар ұйымдастыруда.

Соңғы жаңалықтар