Өткен демалыс күндері елімізде жол апаттары мен судан 14 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен демалыс күндері елімізде жол апаттары мен судан 14 адам мерт болды

Өткен демалыс күндері елімізде жол апаттары мен судан 14 адам мерт болды

Өткен демалыс күндері елімізде жол апаттары мен судан 14 адам мерт болды, 4 адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Шiлде 2004
  • 447
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолының 396-шы шақырымында 18-шілде, жексенбіде «Мицубиси-Паджеро» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Оқыс оқиға салдарынан 2 жолаушы мерт болды.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 19-шілде, дүйсенбіге қараған түні «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан бір жолаушы оқиға орнында мерт болып, екіншісі түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.
17-шілде, сенбіде Павлодарда «Ауди-80» автокөлігі «Тойота-Камри» автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан «Ауди» жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханада қайтыс болып, «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Қызылордада 18-шілдеде 5 қабаттағы пәтердің балконынан бір адам құлап кетті. Ол жарақат салдарынан қайтыс болды.

Перейти к новостям спорта