Өткен демалыс күндері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарада төтенше оқиғалар тіркелген жоқ - ҚР ҰҚК - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен демалыс күндері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарада төтенше оқиғалар тіркелген жоқ - ҚР ҰҚК

Өткен демалыс күндері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарада төтенше оқиғалар тіркелген жоқ - ҚР ҰҚК

Өткен демалыс күндері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарада төтенше оқиғалар тіркелген жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Мамыр 2005
  • 645
Фото - Caravan.kz

Ал ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» басқармасының бастығы Марат Мәжитовтың айтуынша, соңғы тәуліктерде Өзбекстаннан Оңтүстік Қазақстан облысына келіп жатқан заңсыз еңбек мигранттарының саны бірнеше есе өсті. «Егер қалыпты жағдайда біз бір аптада 100-ге жуық заңсыз мигранттарды ұстайтын болсақ, соңғы төрт күнде 244 адам ұсталды. Кеше 82 адам қолға түсті, ал жай күндері 15-25 адам құрықталатын. Олардың басым бөлігі Қазақстанға жұмыс іздеп келгендер. Өзбек шекарашылары оларды Қазақстанға келуге негіз болмауға байланысты шекарадан өткізбей жатыр. Олардың арасында Қырғызстандағы секілді босқындар жоқ»,- деді М.Мәжитов.

Оның айтуынша, Өзбек шекарашылары «Сарыағаш» және «Жібек Жолы» сынды ірі кеден бекеттерін ғана ашқан. Онда да кейбір шектеулер қойғандықтан, қазір әдеттегіден аз адам өтіп жатыр.
Қазақстандық шекарашылар күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істеуде. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның қызметкерлер құрамы да бұрынғыдай күшейтілген жұмыс тәртібімен жұмыс істеп жатыр.

Перейти к новостям спорта