Өткен тәулікте 6 адам суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
Өткен тәулікте 6 адам суға кетті

Өткен тәулікте 6 адам суға кетті

Өткен тәулікте республика тоғандарына 6 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 4 Шiлде 2011
  • 362
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, 3 шілде күні Астанада белгісіз жағдайда 37 жастағы ер азамат суға кетті. Оның денесін судан жарты сағаттан кейін жергілікті тұрғындар алып шықты.

Кеше Алматыда «Дельфин» демалыс аумағындағы Бент көліне шомылып жүрген жерінде 39 жастағы ер азамат суға кеткен. Оның денесі бүгін таңертең табылды.

Жамбыл облысында да осындай оқиға орын алды — Ойтал ауылының іргесіндегі тоғанға 32 жастағы ер азамат батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар бүгін сағат 5.32-де алып шықты.

Жексенбі күні Сырдарияда осындай оқиға орын алды — Қызылорда облысының Төретам ауылының тұсында абайсызда 51 жастағы азамат суға батып кетті. Оның денесін судан бір сағаттан кейін жергілікті тұрғындар алып шықты. Облыстың Кандоз елді мекеніндегі каналға шомылып жүрген жерінде 18 жастағы бозбала суға кетті. Оның денесі әлі іздестірілуде.

Петропавлда Есілге шомылып жүрген 22 жастағы жігіт суға батып кетті. Оның денесін жағаға 35 минуттан кейін құтқарушылар алып шықты.

Соңғы жаңалықтар