Өткен тәулікте ел аумағында бес адам суға кетті, оның ішінде 7 жасар бала бар - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте ел аумағында бес адам суға кетті, оның ішінде 7 жасар бала бар

Өткен тәулікте ел аумағында бес адам суға кетті, оның ішінде 7 жасар бала бар

Бейсенбі күні кешке Ақтөбе облысында Елек өзенінің шомылуға арналмаған тұсына суға түскен 42 жастағы ер адам батып кетті.

  • 29 Маусым 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысында Оба өзеніне белгісіз жағдайда 47 жастағы ер адам батып кетті. Оның денесін өзеннің жағасынан жергілікті тұрғындар тауып алды.

Бұдан басқа, судағы қайғылы оқиғалар Жамбыл облысындағы «Аю тропик» демалыс орталығында да орын алды. Мұнда бассейнге шомылу кезінде 7 жасар бала мерт болды. Қарағанды облысында жасанды қазаншұңқырға шомылған 17 жасар жасөспірім батып кетті, Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде 22 жасар ер азамат көз жұмды.

Перейти к новостям спорта