Өткен тәулікте елімізде түрлі өндірістік апаттар мен оқыс оқиғалардан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте елімізде түрлі өндірістік апаттар мен оқыс оқиғалардан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Өткен тәулікте елімізде түрлі өндірістік апаттар мен оқыс оқиғалардан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

АСТАНА. 11-қазан. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте елімізде түрлі өндірістік апаттар мен оқыс оқиғалардан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қазан 2006
  • 2227
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Алматыда 10-қазанда жылу құбырын тарту үшін ор қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып кету салдарынан «Диамат ГРУПП» ЖШС-нің жұмысшысы үйінді астында қалып, оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбеде «Айфуд-Ақтөбе» ЖШС аумағында 10-қазанда тұрмыстық газ аспабын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан кәсіпорынның екі әйел жұмысшысы газдан уланды. Соның салдарынан олардың біреуі оқиға орнында мерт болып, екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, Теміртауда «Бис-СК» ЖШС аумағында 10-қазанда монтаждау жұмыстары кезінде кәсіпорын жұмысшысы 8 метр биіктіктен құлап қаза тапты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта