Өткен тәулікте елімізде жол апаттарынан 8 адам қаза тауып, 11 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте елімізде жол апаттарынан 8 адам қаза тауып, 11 адам жараланды

Өткен тәулікте елімізде жол апаттарынан 8 адам қаза тауып, 11 адам жараланды

Өткен тәулікте елімізде жол апаттарынан 8 адам қаза тауып, 11 адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Тамыз 2005
  • 362
Фото - Caravan.kz

Алматының Жетісу ауданында «Тойота» автокөлігі «Москвич-2140» автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, «Москвич» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға түсті.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 144-шақырымында «Мазда» автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғысып қалды. Апат салдарынан көліктегі екі жолаушы оқиға орнында мерт болып, тағы екеуі, нақты айтсақ, 6 және 8 жастағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
Шығыс Қазақстан облысында Қоянбай -Шоққамыс автожолының 2-шақырымында «ЗИЛ» жүк көлігінің жүргізушісі автокөлігін аударып алды. Соның салдарынан екі жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында мерт болып, тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.
Қызылорда облысында Қызылорда-Байқоңыр тас жолының 170-шақырымында «Vanda» бағытты автобусының жүргізушісі «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан автобустың бір жолаушысы оқиға орнында мерт болып, тағы үш адам жарақат алды.
Қызылорда облысында Шымкент-Самара тас жолының 255-шақырымында «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі «КамАЗбен» соғысты. Соның салдарынан «Мерседес» автокөлігінің бір жолаушысы сол жерде мерт болып, жүргізуші мен тағы бір жолаушы жараланды.

Перейти к новостям спорта