Өткен тәулікте елімізде жол апатынан 6 адам мерт болып, 14 адам жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте елімізде жол апатынан 6 адам мерт болып, 14 адам жарақаттанды

Өткен тәулікте елімізде жол апатынан 6 адам мерт болып, 14 адам жарақаттанды

Өткен тәулікте елімізде жол апатынан 6 адам мерт болып, 14 адам жарақаттанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қыркүйек 2003
  • 453
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Сарқант қаласында «ВАЗ-2121 » автокөлігінің жүргізушісі 8 жасар баланы қағып кетті. Соның салдарынан әлгі бала апат орнында қаза тапты.

Атырауда «Ауди-100» автокөлігінің жүргізушісі алдымен жаяу жүргіншіні қағып өтіп, соңынан «Волга» автокөлігімен соқтығысты . Апат салдарынан екі жүргізуші мен 4 жолаушы, соның ішінде 3 жасар сәби әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Ал жолаушы оқиға орнында мерт болды.
Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қызылода облыстарында жол апаттары болды.

Соңғы жаңалықтар