Өткен тәулікте еліміздің ашық су көздерінде 8 адам суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте еліміздің ашық су көздерінде 8 адам суға кетті

Өткен тәулікте еліміздің ашық су көздерінде 8 адам суға кетті

Өткен тәулікте еліміздің ашық су көздерінде 8 адам суға кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 7 Шiлде 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, кешке Петропавлда Есілге шомылып жүрген жерінде 30 жастағы әйел суға батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Сол күні кешке Қостанай облысында «Садовод» саяжайының маңында Тобылға шомылып жүрген жерінде 43 жастағы ер азамат суға батты. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Алматы облысында Қапшағай су қоймасында да қайғылы оқиға орын алды. «Фри дом» демалыс аумағында абайсызда 23 жастағы жігіт суға кетті. Оның денесі әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстарына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің судағы құтқару қызметі жұмылдырылып отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, өткен тәулікте барлығы 8 адам суға кетті.