Атап айтсақ, «Шемонаиха-авто» өткізу бекетінде «Ауди-100» автокөлігімен Ресейге бет алған төрт Қазақстан азаматы ұсталды. Тексеру кезінде автокөліктің жанармай құятын қорабынан 5,3 килограмм героин жасырылған құпия қойма шықты.
Сонымен бірге «Петропавл — темір жолы» тексеру бекетінде көлік құралдарын тексеруші шекарашылар жасағы Санкт-Петербург- Омбы бағытындағы отарбаны тексеру кезінде Қырғызстан азаматшасын ұстады. Шекарашылар оның қол сөмкесін тексеру барысында 1,5 килограмм героин тапты.
Ал «Қайрақ-авто» өткізу бекетінде «Мерседес» автокөлігімен Ресейге бет алған Қазақстан азаматының көлігінен шекарашылар декларацияда көрсетілмеген 25 мың АҚШ долларын тапты.
Бұл деректер бойынша тексеру шаралары жалғасып жатыр.