Өткен тәулікте республика бойынша 4 адам суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте республика бойынша 4 адам суға кетті

Өткен тәулікте республика бойынша 4 адам суға кетті

Өткен тәулікте республика тоғандарында төрт адам суға батып кетті,

  • 22 Маусым 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Юсуповка ауылының 15 жасар тұрғыны Теріс өзенінде шомылып жүріп, суға батып кеткен. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шыққан.

Ал Степногор қаласының іргесіндегі Ақсу өзенінде 1953 жылы туған азамат суға кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Осындай қайғылы оқиға Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында да болды. Алакөлге шомылып жүрген жерінде 42 жастағы ер азамат суға батып кетті Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Ал Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Ақтасты су қоймасында шомылып жүрген кезінде 1968 жылы туған ер азамат суға кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Соңғы жаңалықтар