Өткен тәулікте республика бойынша 7 адам суға кетті - Төтенше жағдайлар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте республика бойынша 7 адам суға кетті - Төтенше жағдайлар министрлігі

Өткен тәулікте республика бойынша 7 адам суға кетті - Төтенше жағдайлар министрлігі

Жамбыл облысының Байзақ ауданында айналма каналға шомылып жүрген жерінде 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

  • 29 Шiлде 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Кеше сондай-ақ Астанада Есіл өзеніне 29 жастағы жігіт суға кетті. Ал Қарағанды облысының Жезқазған қаласында балық аулап жүрген кезінде 39 жастағы ер азамат суға батып кетті. Олардың денелерін судан құтқарушылар алып шықты.

Тағы осындай 3 қайғылы оқиға Батыс Қазақстанда, бір оқиға Қостанай облысында орын алды. Өткен тәуліктің ішінде 7 адам судың құрбаны болды.

Соңғы жаңалықтар