Атап айтсақ, Алматы облысы Көксу ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 219-шақырымында «Даймлер-Бенц» автокөлігінің жүргізушісі Үштөбе-Алматы бағытында жолаушылар тасымалдайтын, 14 жолаушысы бар «Газельмен» соқтығысып қалды. Соның салдарынан «Даймлер-Бенц» автокөлігінің жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқиға орнында мерт болып, Газельдің жүргізушісі мен 8 жолаушысы, сондай-ақ, жеңіл автокөлікте отырған бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.
Ал Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында Өскемен-Алматы тас жолының 75-шақырымында Сұлусары және Канайка ауылдарының арасында жолаушылар тасымалдайтын «Мерседес» коммерциялық автобусының жүргізушісі автобусты аударып алды. Көлікте 16 жолаушы болған. Апат салдарынан автобустың қосалқы жүргізушісі оқиға орнында мерт болса, 2 жолаушы жарақаттармен Өскемен ауруханасына жатқызылды. Қалған жолаушылар басқа көліктермен Өскеменге жеткізілді.
Алматының Әуезов ауданында 5 бірдей автокөлік соқтығысып қалды. Апат салдарынан «ВАЗ-2107» автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында мерт болып, жүргізушісі ауруханаға түсті.