Өткен тәулікте республиканың ашық су көздерінде 8 қайғылы оқиға орын алды - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте республиканың ашық су көздерінде 8 қайғылы оқиға орын алды - ТЖМ

Өткен тәулікте республиканың ашық су көздерінде 8 қайғылы оқиға орын алды - ТЖМ

Өткен тәулікте республиканың ашық су көздерінде 8 қайғылы оқиға тіркелді, оның ішінде екі жасөспірім және бір Ресей азаматы суға кетті.

  • 28 Шiлде 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Астананың қалалық жағажайында суға шомылып жүрген кезінде Ресей Федерациясының 27 жастағы азаматы суға кетті. Сондай-ақ кеше Есілде тағы бір қайғылы оқиға орын алды — 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Олардың денелерін судан құтқарушылар алып шықты.

Алматыда, Үлкен Алматы өзеніне шомылып жүрген жерінде 9 жасар қыз бала суға кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Алматы облысының Алакөл ауданында шомылып жүрген кезінде 42 жастағы ер азамат суға кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты. Ал осы облыстың Сарқанд ауданында балық аулап жүрген жерінде қайықтан құлап кетіп, 23 жастағы жігіт суға батып кетті. Оның денесін судан туыстары алып шықты.

Судағы қайғылы оқиғалар Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында да орын алды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Соңғы жаңалықтар