Өткен тәулікте жол апатынан екі адам қаза тауып, жеті адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте жол апатынан екі адам қаза тауып, жеті адам жараланды

Өткен тәулікте жол апатынан екі адам қаза тауып, жеті адам жараланды

Өткен тәулікте еліміздегі жолдарда апаттан екі адам қаза тауып, жеті адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Шiлде 2005
  • 313
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде «ВАЗ-2106», «ВАЗ-2106» және «Форд» автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан бір Жигулидің жүргізушісі жарақаттан оқиға орнында мерт болып, басқа екі жүргізуші ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысында Көктал -Қорғас тас жолының 35-ші шақырымында «Ауди» көлігінің жүргізушісі «ВАЗ-2106» автокөлігімен соғысты. Соның салдарынан ВАЗ-да отырған бір жолаушы қаза тауып, екі жүргізуші мен «ВАЗ-2106» автокөлігінің үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Перейти к новостям спорта