Өткен тәуліктерде Алматыда 38 қылмыс, соның ішінде 3 кісі өлтіру оқиғасы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәуліктерде Алматыда 38 қылмыс, соның ішінде 3 кісі өлтіру оқиғасы тіркелді

Өткен тәуліктерде Алматыда 38 қылмыс, соның ішінде 3 кісі өлтіру оқиғасы тіркелді

Өткен екі тәулікте Алматыда 38 қылмыс, соның ішінде 3 кісі өлтіру оқиғасы тіркелді. Оқиғаның бірі ізі суымай әшкереленді. Бұл туралы Алматы қалалық ІІББ баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 3 Шiлде 2003
  • 381
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен полиция қызметкерлері басынан оқ тиген 28 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Осы аудандағы тағы бір пәтерден буындырып өлтірілген әйел табылды. Аталмыш деректер бойынша тергеу жүргізілуде.

Қаланың Медеу аудынанда 70 жастағы кейуана өлтірілді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталмыш өлімге қатысы болуы мүмкін деген күдіктіні анықтап, мерт болған әйелдің 57 жастағы ұлын қамауға алды. Тұтқынның айтуынша, шешесімен жаңжалдасып қалған ұл оны соққыға жығып өлтірген. Аталмыш кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен бірге, өткен тәуліктерде Алматыда тонаушылық оқиғасы төрт мәрте (олардың екеуі әшкереленді), екі шапқыншылық тонау, бір адам зорлау, бір
алаяқтық , бес ұрлық оқиғасы (екеуі әшкереленді), 8 заңсыз есірткі сақтау және сату оқиғалары тіркелді. Әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша 1308 адам ұсталып жауапкершілікке тартылды.
Жол полициясы басқармасының желісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық дерегі 820 мәрте тікеліп, автокөлікті мас күйінде айдап жүрген 18 жүргізуші ұсталды.

Соңғы жаңалықтар