Өткен тәуліктерде елімізде өрт салдарынан төрт адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәуліктерде елімізде өрт салдарынан төрт адам қаза тапты

Өткен тәуліктерде елімізде өрт салдарынан төрт адам қаза тапты

АСТАНА. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Өткен тәуліктерде елімізде өрт салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2007
  • 488
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, 23-қаңтарда Алматы облысының Кеген ауылында 4 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өртті төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы сөндірді.

Сондай-ақ, 22-қаңтарда Балхаш пен Теміртауда жай үйдегі өрттерді сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды.

Ал Қостанай облысында 22-қаңтарда жай үйде 0,5 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өртті жергілікті тұрғындар өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндіріп үлгерген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта