Өткен тәуліктерде елімізде жол апатынан 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәуліктерде елімізде жол апатынан 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Өткен тәуліктерде елімізде жол апатынан 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Өткен тәуліктерде елімізде жол апатынан 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 337
Фото - Caravan.kz



Алматы облысының Райымбек ауданында, Нарынқол — Кеген тас жолының 65-шақырымында «ВАЗ-2121» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болып, үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге Алматы облысының Қапшағай қаласында Алматы-Өскемен тас жолының 58-шақырымында «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі «Субарумен» соқтығысып қалды. Соның салдарынан «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ал «Субару» автокөлігінің жүргізушісі, оның жолаушысы мен «Тойота» автокөлігінің тағы бір жүргізушісі аурухунаға жатқызылды.
Сонымен бірге Өскемендегі Үлбі өзені арқылы өтетін Гавана көпірінде екі бірдей «Москвич-412» автокөлігі соқтығысып қалды. Соның салдарынан бір автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапса, екінші автокөліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта