Өткен тәуліктерде еліміздің су қоймаларында 4 адам мерт болды, олардың екеуі балалар - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәуліктерде еліміздің су қоймаларында 4 адам мерт болды, олардың екеуі балалар

Өткен тәуліктерде еліміздің су қоймаларында 4 адам мерт болды, олардың екеуі балалар

Өткен тәуліктерде еліміздің су қоймаларында 4 адам мерт болды, олардың екеуі балалар,- деп хабарлайды KZ-today ақпараттық агенттігіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінен.

  • 18 Тамыз 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Алматы облысындағы Жаса демалыс аймағында Қапшағай су қоймасында суда жүзіп жүрген 10 жасар ұл суға батып кетті. Судан құтқару қызметі баланың мәйітін іздестіруде.

Келесі бір қайғылы оқиға Қызылорда облысында болды. 13 жасар қыз Сырдария өзеніне ағып кетті. Баланың денесі табылды.
Тағы екі адам Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларында суға батып кетті. Булаево ауылындағы қазаншұңқырда суда жүзіп жүрген 25 жастағы жігіт , ал Власовка ауылындағы су қоймасында 30 жастағы жігіт суға батып кетті. Судан құтқару қызметтері адамдардың мәйітін тауып алды.

Соңғы жаңалықтар