Жарияланды: 640

Өткен тоғыз айда темір жол көліктері 100-ден астам адамды қағып кетті - ҚР ККМ

Өткен тоғыз айда темір жол көліктері 100-ден астам адамды қағып кетті - ҚР ККМ

Көлік және коммуникация министрлігі теміржол көлігінде жүргізген тексерулердің аралық нәтижесін шығарды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті. 2012 жылдың 9 айы ішінде теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16 %-ға өсті. Ағымдағы жылы қызметтері теміржол көлігімен байланысты 1565 заңды және жеке тұлғаларды тексеру барысында Қазақстан Республикасының заңдары мен құқықтық-нормативтік актілерін бұзудың 27 000 оқиғасы тіркелген. Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Серғазы Омаш мәлімдегендей, қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың негізгі себептері: вагондардың тесіліп, жүктердің ағып кетуі салдарынан вагондарды ағыту - 94 (2011 жылы 86), жол-көлік оқиғалары - 30 (2011 жылы 21), ауа райының қолайсыздықтары - 22 (2011 жылы 5) және басқалары. Жолаушыларды жол бойында қағып кету оқиғаларын баса айтқан жөн - 101 оқиға (2011 жылы 81). Теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдау қызметінде де бірқатар бұзушылықтар бар. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 1895 бұзушылық тіркелген болса, оның ішінде 990 билетсіз жолаушы мен 13 тонна ресімделмеген жүкті тиеу оқиғалары бар. Көліктік бақылау органдары жоғарыда аталған бұзушылықтармен қатар шаруашылық субъектілерінің пойыздар қозғалысының және маневрлік жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін бұзу оқиғаларын жасырғанын анықтады. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 1644 акт жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 1176 орындау нұсқамалары берілді, 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою үшін 329 локомотив пен 2872 вагон қолданыстан шығарылса, апаттық жағдайда тұрған 259 станциялардағы бағыттамалы бұрмалар мен көпірлер жабылды. Теміржол көлігіндегі көліктік бақылаудың аймақтық органдарына мүдделі мемлекеттік органдармен, шаруашылық субъектілерімен өзара іс-қимылды күшейту, теміржол көлігіндегі шаруашылық субъектілеріне жүргізілетін тексерулердің сапасын арттыру, атап айтқанда магистральді инфрақұрылымдарды, ғимараттар мен жылжымалы құрамды, құрылыстарды, теміржол жабдықтарын күтіп ұстау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу сапасын бақылау тапсырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін