Өткен түнде Алматыда автокөлік ұрлаудың 3 оқиғасы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен түнде Алматыда автокөлік ұрлаудың 3 оқиғасы тіркелді

Өткен түнде Алматыда автокөлік ұрлаудың 3 оқиғасы тіркелді

Өткен күні Алматыда автокөлік ұрлаудың үш оқиғасы тіркелді. Барлық ұрлықтар да «ізін суытпай» ашылды, деп бейсенбі күні қалалық ІІД-нен хабарлады.

  • 30 Маусым 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Талғар қаласының екі тұрғыны «Орбита» ықшам ауданының бір ауласынан Audi маркалы автокөліктің тересін сындырып, ішінен автомагнитоласын алып кеткен», — дейді департаменттегілер.

Одан соң олар, сол маңдағы бірнеше метр арыда орналасқан Toyota Corolla автокөлігінің есігін қолдағы аспаптарымен ашып, айдап кеткен. Оның алдында ауладан шығып бара жатып, мас көлік айдаушылар темір шарбақты бірнеше рет соғып, көршілердің назарына іліккен», — делінген ІІД хабарында.

Хабарда айтылғандай, көлік ұрлаушыларды Медеу ауданында ұстаған.

5-ші ықшамауданда 36 жасар ер азамат көршісінің Mercedes көлігін айдап кеткен. Шығын сомасын иномарка иесі Т700 мың деп бағалады.

Сонымен қатар жол полицейлері «Аян» блокпостынды 32 жасар жұмыссызды ұрланған Honda автокөлігімен ұстады. Ол қалада жарияланған «Перехват» («Қармалап ұстау») операциясы барысында қолға түсті», — дейді Алматы ІІД жол полициясының бастығы полиция полковнигі Арман Сарбасов.

Соңғы жаңалықтар