Өткен жылдың ең үздік табыстары - «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» және «Қазақтың дәстүрлі мың әні» - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен жылдың ең үздік табыстары - «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» және «Қазақтың дәстүрлі мың әні»

Өткен жылдың ең үздік табыстары - «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» және «Қазақтың дәстүрлі мың әні»

Биыл Ислам конференциясы ұйымына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуімізге байланысты халықаралық деңгейдегі мәдени шаралар жоғары дәрежеде өтуі тиіс.

  • 21 Қаңтар 2011
  • 523
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Мәдениет министрлігінің 2010 жылғы қорытындысына және 2011 жылы міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты.

«Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Осыған байланысты халықаралық деңгейдегі мәдени шаралар жоғары дәрежеде өтуі тиіс»,-деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы алқа мәжілісін қорытындылай келе биылғы жылы жаңа кинофильмдер, опера-балет туындылары, жаңа драмалық шығармалар ұлттық мәдениетімізді жаңа биіктерге көтергенін атап өтті.

Сонымен қатар К. Мәсімов халықаралық деңгейдегі іс-шаралар мен Елбасының қатысуымен өткен мерекелік концерттер жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жеткізді.


«Елбасы бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша көп іс атқарылды. Өткен жылдың ең үздік табыстары ретінде мен «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» және «Қазақтың мың әні» жобаларын айтар едім»,-деді Үкімет басшысы.

Перейти к новостям спорта