Жарияланды: 280

Өткен жылдың қараша айында Қазақстан халқының саны 18 мың 300 адамға артты

Өткен жылдың 1-желтоқсанында Қазақстан халқының саны 16 млн 896 мың 900-ге жетті.

Мемлекеттік статистика агенттігі деректеріне сүйенсек, қараша айында табиғи өсім 19 мың 50 адамды, ал 2012 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында 222 мың 958 адамға жеткен (2011 жылдың қаңтар-қарашасында 211 мың 519 адам болатын). Өзге сипаттамалары мен демографиялық ахуалға байланысты жасалған уақытша көрсеткіштер мынадай: туылған бала саны - 30 мың 780 және 345 мың 617 адам (345 мың 259), өлім-жітім - 11 мың 730 және 131 мың 659 адам (133 мың 740). Агенттіктің хабарлауынша, 2012 жылдың қараша айында республикамыз бойынша 13 мың 846 неке қиылса, жалпы қаңтар-қараша аралығында - 152 мың 959 отау тігіліпті (2011 жылдың дәл осындай кезеңінде 148 мың 21 неке). Сонымен қатар, қарашада 4 мың 351 неке бұзылған. Ал, жалпы, өткен жылдың он бір айында 45 мың 138 отбасы ажырасқан (41 мың 245 отбасы). Статистика мамандарының дерегіне сүйенсек, қаңтар-қараша айларында Қазақстаннан 27 мың 977 адам көшіп кеткен, керісінше, елге қоныс аударғандар саны 26 мың 530 адам. Көші-қонның оң сальдосы 1 мың 477 адамды құрады, дейді мамандар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін