Өткен жылдың қараша айында Қазақстан халқының саны 18 мың 300 адамға артты

Мемлекеттік статистика агенттігі деректеріне сүйенсек, қараша айында табиғи өсім 19 мың 50 адамды, ал 2012 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында 222 мың 958 адамға жеткен (2011 жылдың қаңтар-қарашасында 211 мың 519 адам болатын).

Өзге сипаттамалары мен демографиялық ахуалға байланысты жасалған уақытша көрсеткіштер мынадай: туылған бала саны - 30 мың 780 және 345 мың 617 адам (345 мың 259), өлім-жітім - 11 мың 730 және 131 мың 659 адам (133 мың 740).
Агенттіктің хабарлауынша, 2012 жылдың қараша айында республикамыз бойынша 13 мың 846 неке қиылса, жалпы қаңтар-қараша аралығында - 152 мың 959 отау тігіліпті (2011 жылдың дәл осындай кезеңінде 148 мың 21 неке).
Сонымен қатар, қарашада 4 мың 351 неке бұзылған. Ал, жалпы, өткен жылдың он бір айында 45 мың 138 отбасы ажырасқан (41 мың 245 отбасы).
Статистика мамандарының дерегіне сүйенсек, қаңтар-қараша айларында Қазақстаннан 27 мың 977 адам көшіп кеткен, керісінше, елге қоныс аударғандар саны 26 мың 530 адам.
Көші-қонның оң сальдосы 1 мың 477 адамды құрады, дейді мамандар.