Әлемдік банк сарапшылары дамушы елдерде таза технологиялық тетіктер саласында жүзеге асырылатын жаңа жобалар санының біртіндеп қысқарып бара жатқанына назар аудартты. Мұндай жағдай сатып алушылардың 2012 жылы Киото хаттамасының мерзімі аяқталуына дейін парниктік газдарды тастауға берілетін квоталарды сатып алу жөніндегі жаңа жобаларды уақытылы жүзеге асыра алмайтынымен байланысты.
Естеріңізге сала кетсек, БҰҰ климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясының Киото хаттамасы 1998 жылы мақұлданып, 2005 жылдың 16 ақпанында күшіне енді. Ол бойынша қатысушылар парниктік газдарды сатып алуға, сатуға, оларды таза экологиялық технологияларды дамытатын инвестицияларға ауыстыруға мүмкіндік береді.
Хаттаманың күшінде болу мерзімі 2012 жылға дейін бекітілген. Бүгінгі кезде мүше мемлекеттер хаттаманың жалғасы болып табылатын келісім шарттың жобасын дайындауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті