Өткен жылы Павлодар облысының кәсіпорындарында 247 жұмысшы зардап шекті

Өндірістік жарақаттардың көбісі, атап айтқанда, 69,6 пайызы жеке меншіктегі кәсіпорындарда орын алған. 21 адам қаза тапқан. Абайсыз, дөрекі әрекет етудің салдарынан 92 адам зардап шеккен. Биіктен құлап жарақат алғандар - барлық зардап шеккендердің ширек бөлігін құрайды.

Зардап шеккендердің басым бөлігі - кен және құрылыс жұмыстарында істейтіндер.