Жарияланды: 290

Өткен жылы Қазақстанда атқрылған құрылыс жұмыстарының көлемі 2,9% артқан

2012 жылы Қазақстанда 2 трлн 261 млрд 500 мың теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,9% артық, деп хабарлайды Мемлекеттік статистика агенттігі.

Аталған уақыт аралығында 29113 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның 25192-сі тұрғын үй, 3921-і басқа мақсаттарға арналған ғимараттар. Өткен жылы тұрғын үй салуға 407 млрд теңге жұмсалған. Құрылысқа салынған қаржының негізгі бөлігі, яғни 53,7 пайызы құрылыс компанияларына тиесілі 2012 жылы 6 млн 742 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Алдыңғы жылы пайдалануға берілген баспана көлемі бұдан 3,2 пайыз кем.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін