Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысына өңделген ауылшаруашылығы өнімдерін әкелу біржола тыйылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысына өңделген ауылшаруашылығы өнімдерін әкелу біржола тыйылды

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысына өңделген ауылшаруашылығы өнімдерін әкелу біржола тыйылды

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысына өңделген ауылшаруашылығы өнімдерін әкелу біржола тыйылды. Атап айтсақ, қазір облысқа май және шұжық әкелу мүлдем тіркелмейтін болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы департаменті төрағасының орынбасары Николай Куликов хабарлады.

  • 7 Қаңтар 2004
  • 416
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, өткен жылы «Ауылды жаңғырту» жөніндегі агроазық-түліктік бағдарламаның бір бөлімі — импорт алмастыру бағдарламасының арқасында облыста өндірілетін өнімдер түрі ұлғайтылып қана қоймай 25 жаңа кәсіпорын ашылды. Ең бастысы өнімдер сапасы артып, сатып алушыны импорттық тауарлардың орнына жергілікті тауарларды таңдауға итермелей бастады.

Облыста агроазық-түліктік бағдарламаның басқа бөлімдері де табысты жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, жалпы астық өндіру жоспары 300 мың тоннаға асыра орындалды. Мал шаруашылығы саласындағы басқа көрсеткіштер де асыра орындалады деп күтілуде. Жаңа жылғы астыққа арнап жердің 90 проценті дайындалып, тұқымның 92 проценті тексеріліп, техниканың 72 проценті жұмысқа дайын болды.
Алдағы айларда бірінші кезекте атқарылатын міндеттер ретінде Н.Куликов жерді тиімді пайдалану бағдарламасын жасау мен жерді тиімді пайдалану шараларын атады. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы департаменті биыл топырақтағы ылғал қорына қатысты ахуалды айрықша бақылауға алды. Қазіргі жағдаймен Солтүстік Қазақстан облысындағы егістік алқаптар жылдық орташа баланстың жартысына ғана ие. Топырақтың ылғалдылық мөлшерін арттыру үшін егістік алқаптарына қалыңдығы 50-60 см шамасында қар төгу қажет. Алайда, шаруалар қарды пайдалы жарату шарасына шығын шығаруға көп жағдайда құлық таныта бермейді, ал шын мәнінде осынау қарапайым аграрлық тәсілдің маңызы зор деп санайды мамандар.

Соңғы жаңалықтар