Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Димаш үш тілде суға жарнама жасап, парақшасына салған болатын. Халық түрлі пікірлер жазып Димашты сынға алды.
"Өткенде ғана сізді рекламаға түспейді деп мақтап жүрген едік", "Пендеге еш жақпайсын… Бұл су. Алкоголь емес!", "Қытайша да жазу керек еді, Шығыстағы көргілер де көп қой бізде", "Бар, бақытты, бай бол, Димаш Құдайберген!", "Димашжан, айналайын, халқымыздың алтын баламыз, сен айтсаң болды, саған сенеміз, осы суды ішеміз, тек өзің, от-басың аман болыңыздаршы! Құдай бар бəле-жаладан сақтасын!", деп түрлі пікірлер үш тілде жазылды.