келе жатқан Астана күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Іс-шараны аша отырып, Қазақстанның Канададағы Елшісі Константин Жигалов Елшілік тарапынан ұйымдастырылатын мәдени-гуманитарлық шараларға асырап алынған қазақстандық балалардың қатысуы игі дәстүрге айналғанын, еліміздің дипломатиялық өкілдігі балалардың Қазақстанмен жан-жақты байланыстарына ерекше мән беретіндігін алға тартты. Ол «Қазақстан Елшілігінің есіктері балалар мен олардың ата-аналарына әрдайым ашық», — деп атап өтті.
Шараға қатысушылардың назарына Астананы бейнелейтін фото-стенд ұсынылып, биылғы сәуірде Қазақстанда болып қайтқан канадалық тілші, кәсіби фотосуретші У. Баум Қазақстанның елордасы туралы баяндап берді. Ол жиналғандарға заманымыздың жетекші сәулетшілері жоспарлаған Астананың ультразаманауи сәулеті туралы айтып берді. Атап айтқанда, «Хан Шатырдың» таңғалдырарлық құрылысы, «Бейбітшілік және келісім сарайының» бірегейлігі, сондай-ақ «әлемнің ең әдемі опера театрларының бірі — «Астана Опера» туралы хабардар етті.
У. Баумның айтуынша, «Астанаға бір көргеннен ғашық болған». Қысқа уақыт ішінде кең дарқан далада құрылған елорда канадалық журналистің ойынша, еліміздің экономикасының дамуы мен жалпы мемлекет қуатының көрінісі болып табылады.
Балалар үшін арнайы мерекелік бағдарламалар, ойындар әзірленді. Олар арқан тарту арқылы күштерін сынады, жылдамдық пен ептілікті қаппен секіру, үрлемелі шармен жүгіру және т.б. ойындарда көрсете білді. Шараның қонақтары үшін дәстүрлі ұлттық тағамдары бар мерекелік дастарқан жайылып, әрбір отбасына естелік сыйлықтар таратылды.
Қазақстаннан асырап алынған балалардың ата-аналары еліміздің дипломатиялық өкілдігіне көрсеткен сый-сияпаттарына алғыстарын білдіріп, балаларының аз уақыт болса да тарихи отандарының мәдени атмосферасына түскендерін ризашылықпен атап өтті.


