Жарияланды: 580

Отто Дитрих: Рахат Әлиев Австрияда емес, Мальтада жүр

Рахат Әлиев қазір Австрияда емес, Мальтада жүр, деп хабарлады Венада Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласының адвокаты Отто Дитрих.

Бұл туралы 23 мамырда Венада Австрияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің (BVT), әділет министрлігінің, ІІМ, саяси босқындар істері жөніндегі ведомствоның(BAA)жоғары лауазымды қызметкерлері мен Р. Әлиевтің адвокатының арасында өткен консультациялар барысында белгілі болды, деп жазабы «Новая газета-Казахстан» бейсенбі күні. Басылымның ақпаратына сәйкес, Венадағы консультацияларда адвокат Отто Дитрихтің сөзі тыңдалды. Оның сөйлеген сөзінің стенограммасы газетке беймәлім жолмен Қазақстан үкіметінің және «Нұрбанктің» ұрланып, өлтірілген топ-менеджерлерінің туған-туыстарының мүдделеріне өкілеттік етуші адвокаттардың қолына түскен. Австриялық шенеуніктер консультация біткен соң Қазақстан президентінің экс-күйеу баласын экстрадициялау туралы берілген қайталама сұраным мәселесін талқылады, өйткені оны тапсыру бойынша ақырғы шешім қабылдайтын уақыт жеттті. Мақалада айтылғандай, Вена Р. Әлиевті тапсырудан тағы бас тартса, оған қатысты тергеу шараларын бастауға тиіс болады. Аустрия заңдарына сәйкес, қалай болғанда да, ауыр қылмыс тергелуге тиіс, ал күдіктіні басқа елге беруге болмаса, онда бұл іс австриялық сот жүйесінің тергелуіне жатады. О.Дитрихтің айтуынша, Р.Әлиев баяғыда Мальтаға кетіп қалған, осыған байланысты оны тапсыру туралы айтудың да қажеті жоқ. «Доктор Дитрих салалық ведомстволардың шенеуніктерін өзінің қорғауындағы азамат баяғыда Австриядан кетіп, Мальтада тұрып жатқанын, ол онда тұруға рұқсат алғанын айтып сендірді. «Нұрбанктің» ісі бойынша Р. Әлиевтің сыбайластары ретінде қарастырылып отырған басқа да қазақстандық қашқындар да Мальтаға барады. «Новая газета» дереккөздерінің мәліметтеріне сәйкес, аустриялық шенеуніктер мынадай шешім қабылдаған: Р. Әлиев олардың елдерінде болмаса, оны Қазақстанға экстрадициялау туралы қайталама сұранымды қараудың да қажеті жоқ. Аталған консультация барысында тағы бір шешім қабылданды: отандарында әділетсіз сот күтіп отырғандықтан, Р. Әлиевтің сегіз серіктесін экстрадициялау туралы сұранымды кері қайтару. Ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып отырғандықтан, оларға саяси босқын мәртебесі берілмейді, өйткені Австрия заңдарына сәйкес, бұл саяси баспана беруден бас тартуға себеп болып табылады. Газеттің ақпараты бойынша, Р.Әлиевтің серіктестеріне «дульдунг» мәртебесі, яғни елде шектеулі түрде қысқа уақыт болуға рұқсат беріледі. Формальды түрде – бұл жер аударылуға жататын, бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты бұл шараны оларға қатысты қолдану мүмкін емес адамдар үшін уақытша рұқсат. Бұл жағдайда аустриялық сот «дильдунг» мәртебесі бар адамдарға тағылған айыптарды өздері тексеруге тиіс. Бірақ олардың ел аумағында уақытша болуына байланысты, процессуалдық процесті бастаудың қажеті жоқ. Осылайша, Қазақстанда «Нұрбанктің» ісі бойынша айыпталып отырған Р. Әлиевтің серіктестеріне Австриядан тез кетіп, Мальтаға баруға итермелейді, деп жазады газет. Р. Әлиевтің серіктестеріне (олардың арасында адам ұрлауға, азаптауға тікелей қатысы бар деп айыпталып отырғандар да бар) немістің сот-медициналық сарапшыларының банкирлердің құпия орында болғанына және олардың қазасына себеп болған кейбір жағдайларды анықтағанымен санасуға тура келеді. Арызданушылардың айтуынша, бұл жағдайлар 2007-2008 жылдары «Нұрбанктің» ісі бойынша процеске қатысушылардан жиналған куәліктерді қуаттай алады. ҚазТАГ хабарланғандай, 2011 жылдың 13 мамырында «Қазтелерадионың» Алматы қаласының маңындағы қойма базасының аумағында 3-3,5 метр тереңдіктен 2 адамның мәйіті қазып алынды, олар металл бөшкелерге салынып, үстерінен әктас себіліп, көмілген», - деп хабарлады бас прокуратураның өкілі. «Бастарына қара бас киім кигізілген, денелері полиэтилен пакеттермен оралып, мойындарына жіп пен сым ілінген. Алдын ала тексеру бұл Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың мәйіттері деп айтуға негіз береді», - деп мәлім еткен болатын Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев 17 мамырда өткен брифингте. Еске сала кетейік, Нұрбанктің топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов 2007 жылдың қаңтар айының соңында із-түссіз жоғалды. Құқық қорғау органдары олардың жоғалуына Рахат Әлиевтің қатысы бар деп күдіктенген болатын, ол банктің ірі акционері болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін