Отын-энергетикалық кешенді дамытуға 2009 жылы 60 млрд астам теңге қарастырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отын-энергетикалық кешенді дамытуға 2009 жылы 60 млрд астам теңге қарастырылған

Отын-энергетикалық кешенді дамытуға 2009 жылы 60 млрд астам теңге қарастырылған

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Отын-энергетикалық кешенді дамытуға 2009 жылы 60 млрд астам теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 688
Фото - Caravan.kz

«Бюджеттің бір ірі блогы отын-энергетикалық кешенге арналған, оған жыл сайын ауқымды қаражат қарастырылады. Мәселен, 2009 жылы 62,8 млрд теңге, 2010 жылы — 99,7 млрд теңге, 2011 жылы — 74,5 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған», — деді Б. Сұлтанов.

Бұл соманың аясында жергілікті бюджеттерге отын-энергетикалық жүйені дамытуға арналған мақсатты трансферттерге 2009 жылы — 47 млрд теңге, 2010 жылы — 79,9 млрд теңге және 2011 жылы — 55,3 млрд теңге бөлу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар