«Отырар» мұражайы қызметкерлері басшысының бассыздығын айтып арыздануда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Отырар» мұражайы қызметкерлері басшысының бассыздығын айтып арыздануда

«Отырар» мұражайы қызметкерлері басшысының бассыздығын айтып арыздануда

Отырардағы дау! Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Отырар» қорық-мұражайының бірқатар қызметкерлері басшысының бассыздығын айтып арыздануда. Айтуларынша, мекеме директоры қызметкерлерінен ақша бопсалайды екен. Ал мұражай директоры болса мұның барлығын өзіне жабылған жала, деп жоққа шығарып  отыр.

  • 9 Қараша 2012
  • 646
Фото - Caravan.kz

«Отырар» қорық-мұражайының ұжымы жаңа директор келгелі екіге бөлінген. Бірі басшының бастамаларын айтып, мадақтайды.

— Бұл кісі келгелі бізде ерекше жұмыс жүрді. Әсіресе тазалық жөнінен, тәртіп жөнінен. Бұрын бізде ішіп кететіндер азайды.

Алайда, мұражай қызметкерлерінің директорға өкпелісі де бар. Осы мекемеге қарасты «Арыстан баб» кесенесінің 4 қараушысынан жаңа келген басшы ай сайын ақша талап етіп отырады екен.    

Нұрсұлтан Зәрнәби, «Отырар» археологиялық қорық-мұражайының қараушысы:

— Ақпан айында болу керек, сол кезде 60 мың теңге сұрады бізден. Жарайды, тауып бердік жинап. Одан кейінгісін, енді шындығын айту керек, дәл мұндай боп кетеді деп ешкім ойлаған жоқ. Сұрайды тағы 40 мың, бердік. Тағы сұрады 30 мың. Тағы бердік. Лаж жоқ. «Таппасаң шара қолданамын» деген әңгімелер айтылды.

 

Басшы сұраған ақшаны қарызданып, қауғаланып тауып беруден шаршаған шырақшылар қаржы полициясына арызданыпты. Сөйтіп мамыр айында директор тұтқындалған. Мұражайға тексеру жүргізіліп, біраз қаржының мақсатсыз жұмсалғаны да анықталған екен.  


Нұрлан Сыздықов,
«Отырар» археологиялық қорық-мұражайы директорының орынбасары:

Мен білмеймін, ол «ақшаны өзің мойныңа ал да, көзіме көрінбей құрып кет», деді. Өзің мойныңа алып кет деді.

Бірақ мұражай директоры қызметін әлі жалғастырып жүр. Ал қызметкерлері таққан айыпты басшы «жала» деп отыр. Айтуынша, бұл «Арыстан баб» кесенесінен түсетін қайырымдылық ақшадан қағылғандардың ісі.  

Пердехан Жаппарқұлов,«Отырар» археологиялық қорық-мұражайының директоры:

— Бұрын 4 миллион ақша түсетін. Қазір 14 миллион ақша түседі -бұл факт. Ал жыл сайын ол жерде 1 миллион теңге ақша айына қолды болып отырған. Сол нәрсе түскенде, басыма бейнет болған сияқты. Алып кетіп финполға ұстатты.

Қайткенде де, бұл дауға нүктені қаржы полициясы қояды. Қазір директорының үстінен «пара алды» және «мемлекет қаржысын жымқырды» деген баппен қозғалған қылмыстық істер тексерілуде. Ал мұражайда жөндеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар