Оянса - мәйітханада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оянса - мәйітханада жатыр

Оянса - мәйітханада жатыр

Польшаның 56 жастағы тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлерін сотқа бергелі отыр. Дәрігерлер оны көшеде ұйықтап жатқан жерінен мәйітханаға апарып тастапты.

  • 9 Қараша 2013
  • 374
Фото - Caravan.kz


Metro басылымының хабар­лауынша, Марек Михальский есімді поляк есін жиған кезде өзінің мәйіттерге арналған қапқа оралғанын сезген. Жанұшырып қапты жыртқан ол адамдарды көмекке шақырады. Өзінің айтуынша, ол мәйіт­хана­дан бұрын көшеде орындықта демалып отырған. «Бұл жағ­дайға біреулер жауап беруі тиіс. Мәйітханада дәрігерлердің қарнымды тіліп жатқаны түсіме кіретін болды», — дейді польшалық. Ал дәрігерлердің айтуынша, сол күні әлдекімдер көшеде бір адамның ес-түссіз жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келген ақхалаттылар әлгі адамнан тіршілік белгісін таппай, оны қапқа салып, мәйітханаға жөнелтіпті, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.