Caravan Logo

Өз әкесін өлтіріп, 8 жылға сотталды - БҚО

Өз әкесін өлтіріп, 8 жылға сотталды - БҚО

Венера Мұхамбетова ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, В.Мұхамбетова биылғы 16 шілдеден 17-сіне қараған түні спирттік ішімдік ішу барысында әкесі мен ағасының арасында туындаған ұрысты желеу етіп, сөмкесінен асүй пышағын алып, әкесіне үш рет соққы жасаған. Марқұм сол жерде жан тапсырды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.