Өз кәсібін бастаған мүгедек жандар 100 мың теңге көлемінде гранттар алды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өз кәсібін бастаған мүгедек жандар 100 мың теңге көлемінде гранттар алды

Өз кәсібін бастаған мүгедек жандар 100 мың теңге көлемінде гранттар алды

Кеше Қызылордада кәсібін жаңа бастаған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жұлдыздарға қара» жобасының екінші кезеңінің қорытындысы шығарылды.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 388
Фото - Caravan.kz

Шараны ұйымдастырушылар — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қоры.

Қызылорда қаласының тұрғындары 1-ші топтағы мүгедектер Күләш Тілеуов, Дүйсен Бекенов, Жалағаш ауданының тұрғыны 2-ші топтағы мүгедек Балқаш Жаржанова, Қармақшы ауданының тұрғыны 1-ші топтағы мүгедек Мөлдір Әбдіраманова және 1-ші топтағы мүгедек Ерлібек Жармаханов байқау жеңімпаздары деп танылып, 100 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болды.

«Жұлдыздарға қара» жобасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қорының мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке кәсіппен айналысуға деген ұмтылысын қолдауға бағытталған. Жоба бөлінген гранттар есебінен мүгедек жандардың бизнес-жоспарларын жүзеге асыруына, сол арқылы табыс тауып, отбасы мүшелері мен өзін қамтамасыз етуіне жол ашады.