Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Украинадағы орыс солдаттарының өлі денелерінің жағдайы қызу талқыға түсті.
Украина Ресейдің мерт болған сарбаздарының денелерін жинауға мүдделі.
Саясаттанушы Самат Нұртазаның айтуынша, бұл жағдай болашақта болатын Гаага сотындағы ауыр факт болайын деп тұр. Украиндар дұрыс жасап жатыр, жәй далада шіріп кеткен денеден геосаяси, стратегиялық пайда жоқ. Ал зерттеу мен тергеу басталғанда, моргтағы мыңдаған орыс әскерінің өліктері Ресей билігіне тағатын ауыр айыптың дәлелі болмақ.
Өкінішке орай Ресей әскерилер өздерінің қаза тапқан жолдастарының денелеріне мина қойып кетеді екен. Бұл үрдіс Ауған соғысынан бері бар. Шешен соғысында да көп кездескен тәсіл. Өліктің астына мина қойып кетеді, оны көтеріп, жерлейін деген адам денені қозғалтқанда мина жарылады.
Енді жаздың аяғы, күздің басында Донецк/Луганск үшін қанды шайқас болатын сияқты.
Көптеген денелерде құжаттар жоқ. Яғни олардың денелері ДНҚ сараптамасынсыз таныла алмайтын күйде. Украинада орыс сарбаздарының мәйіттері өте көп. Бұл эпидемиологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан наурыз айында Украина үкіметі тиісті қаулы шығарды. Онда ол басқыншылардың денелерін жинауды қамтамасыз ету тәртібін анықтады.
Басқыншылардың денелерің жағдайы өте нашар. Өртенген, жабайы жануарлар, табиғи орта жағдайларына байланысты және артиллериялық атыс нәтижесінде денелер танымастай зақымдалған. Дегенмен, Украина ұлдарын жерлеу үшін орыс сарбаздарының денелерін аналарына бергісі келеді.
ВИДЕО: https://www.facebook.com/NordmanKZ/videos/515685970066425