"Өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар". Ресейдің экс-президенті ядролық соғыс қаупі барын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар". Ресейдің экс-президенті ядролық соғыс қаупі барын айтты

"Өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар". Ресейдің экс-президенті ядролық соғыс қаупі барын айтты

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Батыс елдеріне Украинаға қару жіберу Ресей мен НАТО-ның толыққанды ядролық соғысқа айналу қаупі бар тікелей қақтығысына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Ресейдің экс-президенті өзінің телеграм-каналында жазды.

  • 13 Мамыр 2022
  • 103
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

НАТО елдерінің Украинаны қару-жарақпен қамту, оның әскерін Батыс техникасын қолдануға дайындау, жалдамалыларды жіберу және біздің шекараларымызда альянс елдерінің жаттығуларын өткізу НАТО-ның Ресеймен тікелей және ашық қақтығысының ықтималдығын арттырады", — деді Медведев.

"Мұндай қақтығыстың әрқашан толыққанды ядролық соғысқа көшу қаупі бар. Бұл адамзатқа қауіпті сценарий болады", — деп қосты ол.

Медведев батыс елдеріне "өзін де, басқаларды да алдамауға" кеңес берді.

"Сіздер өз әрекеттеріңіздің ықтимал салдары туралы ойлануларыңыз керек. Русофобияның пароксизмдерінде өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар", — деп жазды Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Медведевтің мәлімдемесіне түсініктеме берді:


"Ресей мен НАТО-ның тікелей қақтығысынан бәрі де аулақ болғысы келеді. Ресей де. НАТО-да бұл туралы бірнеше рет мәлімдемелер жасалды, менің ойымша, ең бастысы Вашингтонда", — деді Песков.

Ол егер қандай да бір тарап Украинадағы "арнайы әскери операцияға" араласуға тырысса, Ресей "табанды жауап беруге дайын" екенін айтты.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар