Өз сіңлісін өлтірген шымкенттік әйел 20 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өз сіңлісін өлтірген шымкенттік әйел 20 жылға сотталды

Өз сіңлісін өлтірген шымкенттік әйел 20 жылға сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен (жас баланы өлтіру) айыпталған Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды

  • 26 Қаңтар
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сот анықтағандай, Қ. 2024 жылдың маусым айында Шымкент қаласы, Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан жалдамалы пәтерінде өзінің туған әпкесі М.-нің 2018 жылы туған қызы Е.-нің ұйқысынан оянып, айқайлай бастағанына ашуланып, жасөспірімнің аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан, соның салдарынан жасөспірім есінен танып құлаған.

Сосын ваннаға су толтырып, қызды тұншықтырып, қасақана өлтірген.

Сот тұжырымы сотталушының жауаптарымен, жәбірленуші өкілінің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелер жиынтығымен және істегі дәлелдермен бекітілді.

Прокурор Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраса, жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады.

Осылайша, сот Қ.-ны ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген.