"Өз ұлтымды көргенде жылағым келеді": Елге оралған журналист жеке өмірі туралы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өз ұлтымды көргенде жылағым келеді": Елге оралған журналист жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

"Өз ұлтымды көргенде жылағым келеді": Елге оралған журналист жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Танымал тележүргізуш Оксана Петерс шетелде 4 жыл тұрып, елге қайта оралған.

  • 25 Ақпан
  • 127
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Азаттық рухы» You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тележүргізуші Түркия елінде күйеуінің жұмысына байланысты тұрғанын айтты.

«Мен елден көшкен жоқпын, көбісі солай ойлапты. Біз Түркияға осыдан 4 жыл бұрын күйеуімнің жұмыс бабымен кеткен едік. Жолдасымда сол жаққа жұмысқа шақырды. Ол кісі маған сен осы жақта біршама жұмыс істедің, енді шетелден ұсыныс болса, қабылдайық деп өтініш жасады. Мен келістім. Жолдасым IT маманы. Түркиядан кейін Грузиядан шақырту ады. Солай Түркияда екі жыл, Грузияда екі жыл тұрдық», — дейді ол.

Оксана Петерс шетелде жүргенде өз отанын, Қазақстанды ерекше сағынғанын да жасырмады.

«Елді, жерді қатты сағынып келдім. Мен басында ары кетсе, бір жылда қайтып келеміз деп ойладым. Көзді ашып жұмғанша, төрт жыл өтіп кетті. Басында бәрі жақсы, Анталия курортты қала ғой. Оң жағың теңіз, сол жағың жасыл желек, бау-бақша, тропикалық ағаш. Бәрі әдемі болды. Бірақ уақыт өте келе, сағыныш басым болды. Отан-ана деген тылсым күш болады екен. Сені тартып, шақырып тұрады. Әсіресе, көшеде қазағымды көріп қалсам, жылауға дайын тұрамын. Дүкенде, теңіздің жағасында қазақтарды көріп қалсам, өзім әңгімеге тартатынмын. Олар мынау кім дегендей таң қалатын. Жалпы қазақтар Анталияда көп екен. Демалып жүргеннен бөлек, оқуға келгендері, жұмыс істеп жүргендер де аз емес екен. Сол жақта оқып жатқан студенттерден оқу біткесін қайтасыздар ғой десем, білмейміз дейді. Білмейміз деген болмайды, қайту керек дедім. Жалпы ел көрген, шетелге шыққан жақсы. Көп нәрсені көріп, көзің ашылады. Бірақ, шетелде тәжірибе жинап, елге келіп, сол тиімді тұстарды елімізге енгізу керек. Шетел сол жағынан жақсы. Жалпы елімізде қалуымыз керек. Бір-бірлеп көше берсек, елде кім қалады», — дейді ол.

Тележүргізуші өз ұлты туралы да айтты.

«Әкем латыш, анам орыс, метистпін. Көбісі фамилияма қарап, неміс деп ойлайды. Шымкентте туылдым, Созақ ауданы, Шолаққорғанда өстім. Ата-әжемнің қолында өстім, өз ата-анам өкінішке орай 9 жасымда қайтыс болған. Қазір ата-әжем де өмірден озды. Ата-енем, туыстарым Шымкентте тұрады», — дейді ол.