Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасын жасауға еліміздегі барлық министрліктер жұмылдырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасын жасауға еліміздегі барлық министрліктер жұмылдырылады

Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасын жасауға еліміздегі барлық министрліктер жұмылдырылады

"Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасын жасауға еліміздегі барлық министрліктер жұмылдырылады. ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов заң жобасын жасауға жаппай атсалысу жөнінде министрліктерге тапсырма берді. Заң жобасы күзге қарай дайын болады". Бұл туралы бүгін, 22-тамызда Алматыда өтіп жатқан "Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі мұнай операцияларын мемлекет тарапынан заң жүзінде реттеу және регламентациялау" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында KZ-today тілшісіне берген сұхбатында "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның құқықтық қамтамасыздық жөніндегі басқарушы директоры Қанатбек Сафинов хабарлады.

  • 22 Тамыз 2003
  • 607
Фото - Caravan.kz

Қ.Сафиновтың айтуынша, «Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасының алғашқы нұсқасы үкіметтің соңғы отырысында ҚР үкімет басшысының төрағалық етуімен талқыланды».

Заң жобасының алғашқы үлгісінде «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ мен ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің ұсыныстары қамтылған. Қ.Сафиновтың айтуынша, заң жобасына қазір жобаланып жатқан салық моделі арқау болады. Заң жобасында шамамен 30 бап бар.
«Заңда Қазақстандық жаңашылдық деуге лайық дүниелер көп. Онда Солтүстік Каспийдегі өзара өнім бөлісу жөнінде шарт жасасу барысында жол берілген қателіктер қайталанбайды»,- деді Қ.Сафинов.