Өзбек азаматы кеден бекетінде 200 грамға жуық алтынмен ұсталды
26 қарашада «Қапланбек» кеден бекетінің қызметкерлері «Бриллиант» жедел-алдын алу операцияларын жүргізді. |
Осыған орай «RAPISKAN» рентгенографиялық және Сканпассажир «Компас» кедендік бақылаудың техникалық құралдары арқылы тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының азаматынан қол сөмкесінің темір ұстағышына жасырылған 5 целлофан пакетке оралған сары түсті ұнтақ және 1 резіңке орама сары түсті темір ұнтағы табылған. Өзбек азаматы Ресейден әкелінген бұл заттарды кедендік бақылаудан жасырып алып өтпек болғаны анықталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Өзбек азаматы өз түсініктемелерінде, алынған сары түсті темір ұнтақтың 150-200 грамм салмақтағы алтын екенін және оны Ресейдің Хабаровск өлкесіндегі Охот ауданындағы алтын өндіретін зауытта жұмыс істеп жүріп жинағанын айтты. Аталған факті бойынша материал ҚР ҚК 209 бабы бойынша тіркелді. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде және сот сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін