Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда болған оқыс оқиға орнына дәрігерлер, СІМ және министрлік қызметкерлерін жіберу үшін ұшақ әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kzақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Самара-Шымкент трассасында автобус өртеніп, санаулы адам ғана аман қалды. Төтенше жағдай бүгін Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да болды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған. Артынша өртенген автобустан аман шыққан 3 адам – қазақстандықтар екені анықталды.
«Ұшақтың Ташкенттен сағат қаншада және қай бағытта ұшып шығатыны қазақстандық әріптестермен талқыланып жатыр», — дейді агенттіктің әңгімелесушісі.
Оның айтуынша, оқыс оқиға орнына дәрігерлер бригадасы, республиканың СІМ қызметкерлері және ТЖМ өкілдері ұшып барады.
Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе облысында автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге алып бара жатыр. Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров. Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан Мырзахметов.