Өзбекстан азаматы қазақстандық колониядан героин саудасын басқарып отырған - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан азаматы қазақстандық колониядан героин саудасын басқарып отырған

Өзбекстан азаматы қазақстандық колониядан героин саудасын басқарып отырған

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі саудасы үшін сотталған Өзбекстан азаматын 13 жылға бас бостандығынан айырды.

  • 15 Қазан 2014
  • 356
Фото - Caravan.kz

Қырық жастағы шетел азаматы есірткі сатқаны үшін түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүріп сыбайластарының көмегімен Алматы облысы аумағында ірі мөлшерде есірткі сатуды көздеген, деп облыстық сот сайтындағы хабарламада мәлімделген.

Тергеу шаралары барысында анықталғандай, сотты болған азамат түзету колониясында әйелімен телефон арқылы үнемі сөйлесіп, оның әрекетін бақылап, үйлестіріп отырған.

Қылмыскерлерді әшкерелеу үшін жедел уәкілдер есірткі сатушылармен сатып алушы ретінде байланысып, бір келі есірткіні көлікке айырбастап, 1 млн теңге ақша алған.


Есірткі сатушының азаматтық некедегі әйелі 1,2 кг героинді ақшаға айырбас ретінде беру кезінде ұсталды.

Осы қылмысы үшін әйел мүлкін тәркілеумен жалпы режімді колонияға 10 жылға бас бостандығынан айырылды.