«Қазіргі жағдаймен Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан елдері «KazSat» жер серігінің мүмкіндіктерін пайдалануға ниет білдіріп хат келтірді»,- деді А.Жұмағалиев.
Сонымен бірге агенттік басшысының хабарлауынша, еліміздегі барлық байланыс операторлары жер серігінің қуатын пайдалануға көшіп жатыр. «Біз Қазақстанның жер серігін пайдалануға көшу мәселелерін алдын-ала дәйектеп, қазір елімізде жұмыс істеп жатқан барлық операторлармен меморандумға қол қойдық»,- деді ол.
А.Жұмағалиевтің айтуынша, 2010-жылға дейін жер серігінің қуатын 816,5 Мгц-ке дейін жеткізу, соның ішінде, 2006-жылы қазақстандық операторлардың пайдалануына 326 МГц қуатты беру, одан әрі бұл көрсеткішті арттыра түсу» межеленген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның тұңғыш «KazSat» жер серігі 2006-жылдың 18-маусымында ұшырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті