Өзбекстан басшылығы Қазақстанға Шымкент түбінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
Өзбекстан басшылығы Қазақстанға Шымкент түбінде әскери-көлік ұшағының құлауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Қазақстанның ӨР-ғы Елшілігінен. |
Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына Шымкент түбінде әскери-көлік ұшағының құлауына байланысты көңіл айтты.
Өзбекстан Премьер-Министрі Шавкат Мирзиёев те өзінің әріптесі Серік Ахметовке көңіл айтты.
Қазақстандық дипломатиялық өкілдігінде ӨР-да аккредиттелген Елшіліктердің өкілдері жазбаларын қалдыратын Көңіл айту кітабы ашылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін