Бұған дейін ел билігі Каримованың қамауда отырғаны туралы тіс жармай келген еді. Десе де, туыстары оның 2014 жылдан бері абақтыға жабылғанын тәуелсіз басылымдарға айтып қалған. 2016 жылдың желтоқсанында Гүлнара Каримованың ұлы Би-би-си телеарнасының Өзбекстандағы өкілдеріне сұхбат беріп, анасына ешқандай айыптың тағылмағанын мәлімдеген болатын. Бірақ, ол анасының көзін құртқысы келіп жүргендердің көп екенін де айтты.
Ал, бас прокуратураның бүгін таратқан мәліметіне сүйенсек, Г.Каримлва 2015 жылдың 21 тамызында салықтан жалтарғаны үшін 5 жылға сотталған екен. Ал, қазіргі таңда бұл айыпқа тағы екі айып қосылып отыр, олар: алаяқтық және пара алу деректері бойынша. Осы жайттарға байланысты қазір жаңадан тергеу жүргізіліп жатыр екен. Тек, Каримованың өзі дәл қазір қайда екені белгісіз.