Өзбекстан билігі жеке телеарнаны "көргенсіздігі" үшін жапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан билігі жеке телеарнаны "көргенсіздігі" үшін жапты

Өзбекстан билігі жеке телеарнаны "көргенсіздігі" үшін жапты

Өзбекстан билігі Самарқан қаласындағы жекеменшік STV телеарнасын "көргенсіздік пен зорлық-зомбылық" хабарларын таратқаны үшін жапқан деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі Өзбекстан ақпараттық технологиялар және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап.

  • 30 Шiлде 2018
  • 138
Фото - Caravan.kz

"Самарқандағы STV телеарнасының жұмысы белгісіз мерзімге тоқтатылды. Ташкенттегі Sevimli (Сүйікті) телеарнасына қатаң ескерту жасалды", – деп хабарлайды агенттік.

Ақпараттық технологиялар және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, телеарна материалдарында "көргенсіздік пен зорлық-зомбылық көріністері" бары анықталған. Телеарна жұмысына мониторинг жүргізген шенеуніктер эфирден берілген кей фильмдер мен музыкалық клиптер "ұлттық менталитетке қайшы және жастар тәрбиесіне моральдық тұрғыдан зиян тигізеді" деп тапқан.

Министрлік "БАҚ туралы", "Ақпарат еркіндігі принциптері мен кепілдіктері туралы", "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" және "Балаларды денсаулығына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заңдардың бұзылғаны туралы мәлімдеген.

Бұдан бірнеше апта бұрын Sevimli жекеменшік телеарнасы сексуалдық сипаттағы көріністері бар америкалық "Красотка на всю голову" фильмін эфирден таратқаны үшін көпшіліктен кешірім сұрап, бірнеше қызметкерін жұмыстан босатқан. Фильмдегі кейіпкерлердің сүйіскен сәті және бас кейіпкер әйелдің төсек қатынасы көрсетілетін тұстары сол қалпында эфирден берілген.


Осы үшін әлеуметтік желі қолданушылары телеарнаны сынға алған.

"Әдетте шетелдік фильмдерді көрсетер алдында қызметкерлеріміз өздері қарап шығып, ұлттық менталитетке қайшы тұстарын кесіп алып тастайтын. Фильм эфирден көрсетілген жексенбі күні қызметкерлеріміз аз болғандықтан олар фильмге монтаж жасауды ұмытып кеткен", — деп хабарлаған телеарна қызметкерлерінің бірі Озодлик (Азаттықтың Өзбек қызметі) радиосына.

Соңғы жаңалықтар